Жұма, 27 желтоқсан, 08:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сот жүйесі құқықтардың қорғау кепілі

22.11.2024

192 0

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 4 ақпанындағы №266 Жарлығы бойынша Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылды. Кәмелет жасына жетпегендердің құқықтарын қорғау – бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі десек, балаларды олардың құқықтарын қорғау – кез келген мемлекеттің басты көкейкесті қызметі болып табылады. Қазіргі таңда Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 4 судья, сот әкімшісінің басшысы, 4 бас маман сот отырысының хатшысы, 2 бас маман, 2 жетекші маман, сот приставы және психолог инспектор қызмет атқарады.                

2023 жылдың 27 наурызындағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңымен ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретін кеңейтуге бағытталған өзге де заңнамалық актілер – кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың қарауына берілді. 2023 жылдың 1 қыркүйектен бастап кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың арасындағы некені бұзу туралы даулар бойынша, ерлі зайыптылардың мүлкін бөлу егер кәмелетке толмаған балалары болса, кәмелет жасына толмаған балаға алимент өндіру, кездесу уақытын белгілеу, баланың тұрғылықты жерін анықтау бойынша азаматтық істерді қарайды.        Стастистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 10 айында сотқа 948 бұйрықтық іс жүргізу, 2037 талап қою, 98 ерекше іс жүргізу түскен. Оның ішінде көбісі неке бұзу яғни, 1411 талап қоюы түскен. Сонымен қатар, 51 қылмыстық іс және 316 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер түскен.            Отбасында баланың өміріне ең бірінші жауапты тұлға әке мен ана, кез келген ата ана өмірге әкелген баланың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне тікелей жауапты. Біздегі мақсат кәмелет жасқа толмаған балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау арқылы отбасы тұтастығын сақтап қалу болып табылады.

Д.Тайыров

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: