Жексенбі, 24 қараша, 20:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«IT» технологиясы – заман талабы

28.03.2023

1236 0

ХХІ ғасыр «IT» технологияларының ғасыры деп айтсақ қателеспейміз. Себебі қазіргі таңда прогрессивті технологиялар алдыңғы орында.

Сот саласындағы бүгінгі күні заманауи технологияларды қолдану қарқыны күшейіп келеді. Басты максат – заман ағымына сай қағазбастылықтан арылып, азаматтарды әуре-сарсаңға салмай дер кезінде қызмет  көрсету. Яғни әрбір азамат технологияларды бүгінгі таңда қолдануды бастап, ал мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, басқа да салалар замануи көштен қалмай қолға алып, осымен жұмыс жасауда.

Ал сот саласына келер болсақ, технологияларды пайдалану бойынша үлкен реформалар жүргізіліп, бүгінгі таңда іске асырылуда. Сот саласында кеңінен қолданыстағы «Сот кабинеті», «Төрелік», «Талдау форумы», «Ахуалдық орталық», АВФ, БКБ ақпараттық сервистері, электронды сенімхат, мемлекеттік баж салығын төлеу фунциялары қолданылып отыр.

Сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында қолданысқа енгізілген «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің мүмкіндігі өте көп. Азаматтар «Сот кабинеті» сервистік жүйесі арқылы сотқа электронды түрде  талап қоюларын, шағымдары мен өтініштерін жолдай алады. Бір сөзбен сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіппен қадағалап отыруға болады. Осындай заманауи технологиялар азаматтардың пошталық қызметтерге жұмсалатын шығын мен уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда осы технологиялардың арқасында SMS хабарлама арқылы сотқа қатысушы азаматтар сотқа шақырылып отыр.

Сонымен қатар, сот өндірісіне жаңа технологиялар енгізілуі сот процессін жеделдетіп, тез арада шешілуіне ықпал етеді, сот барысы туралы азаматтарды хабарландыру оңайырақ, қағазбастылық азаяды, барлық арыздар өтінішхаттар электронды форматта қабылданады, әрбір азамат электронды кілт арқылы сот кабинетіне кіріп, өз ісін қашықтықтан қадағалап отыра алады. Барлық шешімдер жарияланады, әрбір азамат  өзінің ісі қай кезеңде тұрғанын көріп, сот отырысының хаттамасымен, шешіммен таныса алады. Сондай-ақ, бүгінгі күні сот процесстері бейне-байланыс арқылы да қаралып жатыр.

Сот төрелігі іс жүргізудің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа сенімділігін нығайтатыны анық. Қазірдің өзінде ақпараттық технологияны қолдана отырып, арыз беру оны тіркеу сатысынан бастап заңды күшіне еніп сот мұрағатына өткізуге дейін қаралып, сот жүйесіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Заманауи электронды қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған, қағазбастылықты азайтып құқықтық қоғамның барлығына соттардың қызметі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Уақыт талабына сай сот жүйесі өз қызметін жетілдіріп, тиімділігін арттыра түсуді әлі де жалғастырады.

Г.Т.Оспанова,

Қызылорда қалалық сотының бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: