Дүйсенбі, 20 қаңтар, 16:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4-2117
18.01.2025
PDF мұрағаты

Тәуелсіз кассациялық сот құрылады

20.01.2025

75 0

Елімізде сот саласына жаңашылдық енгізіліп, кассациялық сот құру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында кассациялық сот құру мәселелері талқыланған.  Сот төрелігін жүзеге асыру­дың сапасы мен азаматтардың соттарға деген сенім деңгейі әр сот сатысы жұ­мысының тиімділігіне тікелей байланысты.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі № 109-VIII Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойып, аталған Конституциялық Заңға сай, еліміздің астанасында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот құрылатыны мәлім болды.  

Кассациялық сот – құқық қорғау жүйесінің негізгі элементі, азаматтардың құқықтарын қорғау мен заңдылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Оның қызметі азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға, құқықтық дауларды шешудің әділ жолын қамтамасыз етуге бағытталған.      

Істерді кассациялық тәртіпте қарайтын судьяларға қойылатын талапта жоғары. Кассациялық сот судьяларының заңгерлік өтілі кемінде 18 жылды құрауы керек, сонымен қатар судьялық тәжірибесі кемінде 8 жыл болуы қажет. Демек, кассациялық сотта тәжірибесі толысқан, кәсіби шеберлігі шыңдалған судьялар ғана қызмет атқаратынын аңғаруға болады. Бұл өз кезегінде қоғамның сот әділдігіне деген сенімін арттыруға сеп болмақ.     

Сот беделі – мемлекеттің беделі. Мемлекеттің бедел-абыройы қоғамның дамып гүлденуінің алғышарты.

Забира Абылайқызы

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: