Жексенбі, 24 қараша, 11:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторында сыбайлас жемқорлық тақырыбында жедел кеңес өтті

05.04.2023

584 0

Қылмыстық атқару саласы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтің төрағалығымен №68 мемелекеттік мекемесі (тергеу изоляторында) жедел кеңес өтті. Аталған шараға Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің кадр саясат тобының бас маманы әділет майоры А.Беркінбеков, ҚАЖД-нің өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет капитаны Р.Жамбылов және мекеменің жеке құрамы мен ерікті жалдамалы қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртіп пен заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі, оның алдын алу, жемқорлық әрекеттерге жол бермеу туралы мәселесі қаралды. 

ҚАЖД-нің бас маманы Ә.Беркінбеков ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық талаптарына сәйкес, кешенді жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен таныстырды.

Жиын соңында подполковник Ж.Әбдіқайыров сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шараларды тиімді жүзеге асыру бойынша мекемменің кадр саясат бөлімі мен  РжКБ- іне бірқатар  ұсыныстар берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: