Қармақшы аудандық сотында азамат К.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы К. «Алматы-Манғыстау» бағыты бойынша жолаушылар поездында жәбірленуші А.-ның қызыл түсті сөмкесін жасырын жымқырып, поезд Төретам станциясына келген уақытта вагоннан түсіп, оқиға орнынан бой тасалап, жәбірленушіге 101 800 теңге мүліктік зиян келтірген.
Сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденді.
Аудандық сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту қолданылды.
9 жылға бас бостандығынан айырылды
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Т. мас күйінде келе жатып, О.-ны кездестіріп, екеуінің араларында жанжал туындап, сотталушы Т. ашуға булығып, жәбірленуші О.-ның артынан бірнеше мәрте пышақпен сермеп, салдарынан О. оқиға орнында қаза тапқан.
Сот үкімімен сотталушы Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды қүшіне енген.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!