Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың арасындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқықбұзушылықтың алдын алубағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Күн сайын өңірімізде автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Оның себептерікөптеген жасөспірімдердің жолжүру ережесін білмеуінде. Олар көбіне жол қозғалысы ережелерінің талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан кәмелетке толмаған қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін үйде ата-аналар балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті.
Сонымен қатар, 2023 жылдың 7айында облыс көлемінде кәмелеткетолмағандарға қатысты 5330 әкімшілік хаттама рәсімделді.Оның ішінде түнгі уақытта (сағ 23:00 ден кейін) тұрғын жайдан тыс жүрудің (442-бап) 3934 дерегі, (сағ 22:00 ден кейін)түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берудің (132-бап)102дерегі анықталды.
Осы орайда, полиция қызметкерлері ата – аналарға балаларының жүріс – тұрысына мән беріп, қадағалауды сұрайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!