Жексенбі, 24 қараша, 18:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жеке құрам жаздық киім үлгісіне көшті

04.04.2023

693 0

Бүгін қылмыстық атқару саласына қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде мекеме бастығының орынбасары әділет полковнигі Ж. Зиябековтің қатысуымен саптық тексеріс өтті. Шара барысында қызметкерлердің сыртқы  көрінісі  – оның белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілді.

Айта кету керек, күні  бұрын  кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік  және дене шынықтыру жөніндегі аға инспекторы, әділет капитаны М.Тұрымбетов жеке құрамға саптық тексеріс болатындығы жөнінде хабарлады. Жеке құрам саптық тексеріске жауапкершілікпен қатысты.

Саптық бой түзеу  барысында қызметкерлердің жазғы киім үлгісін киюге көшу дайындығы, жеке құрамның  қызметтік куәліктерінің, төсбелгілерінің және нысанды киім элементтерінің болуы тексерілді. 

Сипаттамасы, айыру белгілері, кию тәртібі мен нысанды киіммен  қамтамасыз ету нормасы ҚР заңнамасымен белгіленген. Нақтырақ айтсақ,  ҚР ІІО ішкі қызмет Жарғысының бекіту туралы 2013 жылғы 01 сәуіріндегі № 213 бұйрығын  және ҚР ІІМ-нің ҚАЖ комитетінің нұсқаулығына сай, бүгін мекеменің  жеке құрамы жазғы уақыт киім үлгісіне көшті.

Шара барысында  әрбір қызметкерге өзінің тікелей міндетін кәсіби түрде атқарып қана қоймай, азаматтардың алдында мінсіз болып көріну  және  азаматтардың барлық құқық қорғау органдарына артқан сенім деңгейі оның сыртқы келбетіне тікелей байланысты екендігі айтылды. Сондай-ақ жеке құрамға нысанды киім кию ережелерін сақтауды, қызметтік куәліктерін уақытылы ауыстыруды талап еттік.

Саптық тексеріс қорытындысы бойынша тергеу изоляторының жеке құрамы жазғы киім үлгісіне  толықтай дайындығы анықталды – деді, әділет капитаны М.Тұрымбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: