Жұма, 27 желтоқсан, 06:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жеке құрамға жемқорлыққа қарсы түсіндірме  жұмыстары жүргізілді

01.02.2023

694 0

 Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласына қарасты  № 68 мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мекеме қызметкерлері арасында  түсіндірме  жұмысы өткізілді.

Жиынның негізгі мақсаты –  жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу. Аталған шараға  мекеме бастығының тәрбие жұмыстары  жөніндегі орынбасары  полиция полковнигі  Жәнібек Зиябекеов төрағалығық етті. 

Сондай-ақ шараға сыбайлас жемқорлыққа  департаментінің аға офицері Жандос Жүсіпалиев және депртаменттің бас маманы Жанар Қойбағарова  қатысты.

Кездесуде департамент қызметкерлері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтіп, қызметкерлерге парасаттылық пен адалдық ұстанымдарын кеңінен насихаттады.

Басқосу барысында қызметкерлерге Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлық фактілеріне қатысты видеоролик  көрсетілді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: