Бейсенбі, 13 қараша, 17:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Су тасқынына бөлінген 300 миллион теңге: кінәлілер түрмеден босатылмайды

13.11.2025

47 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Ақмола облыстық сотының апелляциялық алқасы Атбасар ауданында су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты жымқырған шенеуніктер мен кәсіпкерлерге қатысты соттың айыптау үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, 7 қараша 2025 жылы қабылданған шешімге сәйкес, Атбасар ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы С.Т. Қаранағаев, сондай-ақ «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС директорлары Р.О. Орлов пен А.Ж. Серікбаев 300 миллион теңгеден астам қаражатты талан-таражға салғаны үшін кінәлі деп танылды.

Еске салайық, бұл қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 отбасыны көшіру үшін екі 100 пәтерлі тұрғын үй салуға бөлінген еді.

Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларының тергеуінде болған.

Сот үкімімен:

• А.Ж. Серікбаев ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, әрі кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды;
• Р.О. Орлов ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2) және 218-бабының 3-бөлігі 3) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленіп, материалдық жауапты лауазымдарға тағайындалу құқығынан айырылды;
• С.Т. Қаранағаев ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға нақты бас бостандығынан айырылды, мемлекеттік қызметте лауазымды орындар атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Прокуратураның мәліметінше, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: