Дүйсенбі, 25 қараша, 00:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Судьялар съезі-қоғам талабы

16.10.2024

501 0

Судьялар съезі төрт жылда бір өткізілетін, сот жүйесі мен судьялар қауымдастығының ағымдағы мәселелерін, ортаға салып талқылап, алдағы стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң. 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан республикалық Судьялар съезі өзіндік бағыт-бағдары айқындалған, қоғамға айтары бар жиынға айналды. Судьялар одағы Орталық Азияның судьялар ассоциациясына халықаралық заңгерлер Одағының мүшелігіне қабылданды. Алқалы жиынның арқасында Судьялар одағы, оның әр өңірде филиалдары құрылып, ережелері қабылданды. Еліміздің сот жүйесі азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқығын тиімді қорғау мақсатында басқа мемлекеттік органдардан бұрын ақпараттық технология жетістіктерін игеріп, өз қызметіне батыл енгізгенін білеміз. Бұл шараларын онлайн режимге өткізу қажеттілік туған сәтте өз жемісін беруде.
Елімізде соңғы кездері, қолға алынып жатқан басты жаңалықтардың бірі, ол қоғамның қызығушылығын тудырып отырған істер бойынша сот отырысының тікелей көрсетілімін ұйымдастыруды атап өту керек. Мұндай сот отырыстарын халық көріп, өздерінің құқықтық сауатын көтеруге, сот отырыстарының жүргізілу тәртібін сотта азаматтар өздерін қалай ұстау керектігін білуге мүмкіндік алды. Сот қызметінің ашықтығы мен сот төрелігінің қолжетімді болуын одан әрі жақсарту, жалпы сот жүйесінде шешімін күткен мәселелер әлі де аз емес. Әсіресе, сот жүйесін цифрлық тұрғыда жетілдіре түсу, білікті, білімді, жан-жақты судьялар мен мамандар корпусымен жасақтауды жалғастыру, сот отырыстарының жариялылығын қамтамасыз ету және тағы басқа сот жүйесінің беделін жоғарылату үшін атқарылатын жұмыстар мен мәселелерді ортаға салып талқылап, алдағы стратегиялық деттерді айқындай түсу осы съездің еншісінде болмақ.
Бүгінге дейін өткен алқалы жиындарда сот жүйесін жандандыруға қатысты пәрменді қадамдар жасалып келеді. Сот жұмысына және судьялар қызметіне қатысты қарапайым қалам-қағаздан бастап, зәулім ғимаратқа дейінгі материалдық мәселелердің барлығы дерлік шешімін тапты.
Біздің бүгінгі мақсатымыз-ел Президентінің «Заң мен тәртіп» қағидатына сай халық заңды сыйлап, сотқа сенетін қоғам құру. Осы мақсатты жүзеге асыру жолдары-судьялардың кезекті съезінің ең өзекті тақырыптарының бірі болмақ.


Т.Тілеп
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: