Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігі тек қана мемлекетке емес, әрбір жеке азаматқа жүктелетінін есте сақтауымыз қажет.
Мемлекет пен қоғамның бірлігі және өзара сенімділігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Өз елінің болашағына алаңдайтын, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінетін, Қазақстан Республикасының әр азаматы бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенін сезінуі керек.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дамымауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады.
Отбасы – бұл барлық бастамалардың бастауы. Тұлға болып қалыптасуда отбасының алар орны басым. Ал кішкентай бүлдіршіннің қандай азамат болып өсетіндігі отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей байланысты. Отбасында жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі керек, өйткені, бұл оның сана-сезімінің қалыптасуына, құқықтық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіне әсер етеді. Қазақстан Республикасының дамуы, дамыған елдердің қатарына енуі жас ұрпаққа байланысты. Осыған байланысты жастар толығымен жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, білімді, бірнеше тіл білетін және сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмайтын болуы керек. Әрине, ар-намыс, қадір-қасиет, әділдік, адалдық сияқты жоғары моральдық қасиеттерге ие адам заңды ешқашан бұзбайды және өз халқына лайықты қызмет етеді.
Еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды және онымен күресуді өзімнің міндетім және борышым деп білуі керек.
Меңліхожаев Бағдат
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің аға сот приставы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!