Сәрсенбі, 20 қараша, 06:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлықпен күресу басты мақсат

15.12.2023

523 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында экскурсия өтті. Бұл жиынға “Шекара қызметінің әскери қызметшілері” келіп, темір торды өз көздерімен көрді.
Мұндағы басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезіну мен сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық салдарымен таныстыру.

Бұл экскурсияның мемлекеттік қызметкерлер үшін тәрбиелік мағынасы зор. Себебі мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Төребеков Асылбек экскурсияға келушілерді тергеу изоляторының арнайы контигенттер ұсталатын аймағындағы шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар жататын жатақхананы, камераларды, аралатып, қылмыскерлердің жағдайымен таныстырды. Алдымен, кезекші бөлімге апарып, тергеу мекемесінің негізгі қызметтік міндеті, мекеме ішінде жүріп тұру жағдайын түсіндірді.

  • Біздің тергеу мекемесінің негізгі міндеті күдіктілер мен айыпталушылар және тергеудегілер мен бес жылға дейінгі сотталғандарды ұстау және олардың режим тәтібін қадағалау мен сотталған азаматтардың жаза мерзімін өтеу барысында өмірге қайта тәрбиелеу болып табылады. Яғни, мұнда, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейінгі айыпталушылар мен күдіктілер және шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар отырады.Толтыру лимиті-430, бүгінгі таңда қамауда 250 – ге жуық контигент бар. Сонық ішінде Сыбайлас жемқорлық қылмысының 366,367 – баптары бойынша қамауда ұсталынып отырғандар да, бар. Олар өздеріңіз секілді мемлекеттік қызметте болған азаматтар. Бұл азаматтар жазалау орындарына алғаш түсіп отырғандықтан өзге қылмыскерлерден оқшауланып, бөлек камераларда ұсталынады. Бірақ, тәртіп пен талап бәріне бірдей, дейді әділет майоры Асылбек Төребеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: