«Әлеуметтік медициналық сактандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің маманы Жанар Қозбағарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік атты дәріс оқыды.

Жанар Жалғасбайқызы квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде түсіндірме берді, сондай-ақ қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік көзделгендін назарға салды. Қордағы сыбайлас жемқорлық көріністері үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылық шаралары көзделгендігі жөнінде ескертті.


Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық климатқа теріс әсер етеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық мүдделілігін төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қор мен жалпы ел үшін негізгі басымдық болып табылады.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!