«Әлеуметтік медициналық сактандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында 25 желтоқсан 2025 жылы Сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері, оның салдары, сондай-ақ сыбайлас жемкорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мәселелері жөнінде талқыланды.
Филиалдың заңгері Олжас Шаманың сыбайлас жемкорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мәселелері және корпоративтік этика жөніндегі баяндамасы тындалып, талқыланып, талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тестілеуде келтірілген мысалдар негізінде практикалық жағдайлар, Қатысушылар мүдделер қақтығысы, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, сондай-ақ әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер бойынша нақты мысалдарды заңнама тұрғысынан талқылады.
Сонымен қатар, Филиал қызметкерлерімен сыйлықтар, заңсыз ақшалай, материалдық сыйақы алу және беру фактілеріне және заңдарда көзделмеген басқа да игіліктер мен артықшылықтар алу фактілеріне (оның ішінде үшінші тұлғалар тарапынан ықтимал арандатушылық әрекеттерге) жол бермеуге, Қызмет барысында, жеке тұлғалармен немесе медициналық мекемелердің өкілдерімен тілдесу барысында өзін дұрыс ұстап, сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне дайын деген ойға алып келетін сөздерге жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!