Сенбі, 21 желтоқсан, 21:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру – Жаңа Қазақстанның басты сипаты болуы тиіс

19.03.2022

950 0

Жаңа Қазақстан – жаңа адамдардан құралмайды, жаңарған стратегиялық жоспарлар мен жаңа ой-санадан, жаңа реформалардың негізінде қалыптасады. Біз ескі әдеттермен жаңа заман жасай алмайтынымыз анық. Осы орайда еліміздің дамуына серпін беретін маңызды жұмыс – сыбайлас жемқорлықтың жолы кесу.

     Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол – әлеуметтік мәселе.Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселер де жетерлік. Елімізде осыған қатысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Десек те, әлі толық шешімін тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.  

    Негізінен сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ,туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Сондықтан да әріге бармай жаңа Қазақстанды жасақтау үшін өз тарихымызға үңіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыруға тиіспіз.

     Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік- экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

     Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздік алғанымызға отыз жыл уақыт болды. Өткенімізге көз салсақ, мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды.Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.Елімізде болып жатқан саяси жағдайдайларға зер салсақ, сыбайлас жемқорлықты күнделікті әдеті қылған әр адам мемлекет алдында жауап беруде. Яғни, біз әрқайсымыз өзімізге жүктелген негізгі міндетті заң тұрғысында дұрыс, дәл, адал орындап коррупцияның таралуына жол бермеуіміз керек. Сана тазармай – адал қызмет те, елге деген сүйіспеншілік те жолға қойылмайды. Мемлекетіміздің біртұтастығы үшін әрекет ету – әр азаматқа жүктелген міндет.

Оңдаш Жұмашұлы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және  

көші – қон комитетінің Қызылорда 

облысы бойынша департаменті, №4

медициналық – әлеуметтік

сараптама бөлімі  басшысы 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: