Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес – ортақ міндет

31.05.2023

846 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі басымды бағыттардың бірі болып белгіленіп, заң бұзушылықтарды жою және болдырмау мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарыбекітілді, соған сәйкес іс-шаралар жүргізуде.

Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылып, аумақтық басқармалар қызметі заңбұзушылықтарға тұрақты тексеріледі. 2023 жылдың 1 тоқсанында Қызылорда қалалық және Сырдария аудандық басқармаларында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау жүргізіліп, нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті мамандарға тәртіптік шаралар көрілді.Сонымен қатар ішкі талдау жүргізу барысында қазіргі таңда басшылыққа алынып отырған нормативтік құқықтық актілерде бір-біріне қарама қайышылықтардың болуы анықталып, Комитетке тиісті ұсыныстар жолданды.

Үстіміздегі жылдың 4 ай көлемінде Департаментте бос лауазымдарға жалпы конкурс өткізіліп, екі маман аумақтық басқармаларға қабылданды. Жұмысқа қабылдау кезінде мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметті атқару барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу туралы жазбаша ескертулер берілуде.

Заң талаптарын бұзудың алдын алу, болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілерге кірістері, шығыстары, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтерді уақытылытапсыру міндеттері қойылған.

Мемлекеттік қызметшілер арасында профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, лауазымды тұлғалардың қолданыстағы қылмыстық әрекеті (әрекетсіздігі) үшін жазаның бұлтартпаушылығы, оның ішінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мөлшерлестігі қағидатын сезінуі үшін қаланың аумағында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару ұйымдастырылды.

Сонымен қатар мемлекеттік органның қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар ретінде «Мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы тұрысы»жадынамасыжәне мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн пайдалануы сыбайлас жемқорлықтың сипатындағы заң бұзушылықтарға алып келуі, соның ішінде, қылмыстық іс-әрекеті бар деп пайымдалуы мүмкін болуына байланысты, мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген жаупкершіліктер барлық мемлекеттік (лауазымды) тұлғалардың қолы қойыла отырып таныстырылды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірігіп департаментте мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында облыстық құқықтық семинар ұйымдастырылды. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға, босатуға әкеп соғатындығы аталды. Оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және олардың мемлекеттік қызметті тоқтатуға негіз болып табылатындығы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты сотталған мемлекеттік қызметкерлер, лауазымды тұлғалар туралы, олардың кіналарын мойындағандығы, өкінетіндіктері туралы айқын көрсетілді.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында қолданыстағы заң талаптарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында департамент және аумақтық басқарма мамандарының арасында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың жаңа форматы туралы талқылап,пікір алмасу бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 365-бабына түсіндірме беру бойынша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралыКодексінің талаптарын түсіндіру, әкімшілік құқық бұзушылық тәжірибе сұрақтары, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды тіркеу бірыңғай автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасау сұрақтары бойынша құқықтық семинарлар өткізіліп отырады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, ескертуге және жолын кесуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде сенім телефондары іске қосылған.

Департаменттің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақтылы орналастырылып, мемлекеттік сатып алулары заң талаптарына сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі күні келісім шарт талаптарын тиісінше орындамаған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану үшін 2 материал сотқа жолданды.

Жеке және заңды тұлағалардың өтініштерін және рұқсат беру құжаттарын қабылдау және беру жұмысы бір тереза қағидасы бойынша жүргізілуде және уақытылы қаралуы жіті бақылауда. Департамент пен аумақтық басқармалардың ғимараттарында, келушілер үшін ең көрнекті жерлерде берілетін рұқсат беру құжаттардың және оларды алу үшін қажетті құжаттардың тізімі, өтініштерді қарау және рұқсат беру құжаттарын беру мерзімдері туралы ақпарат тұрғындарға қолжетімді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ іс. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді деген бар. Сондықтан бұл індетпен жұмыла күрессек қана жетістікке жететініміз айқын.

Динара ЖАНАБЕРГЕНОВА,

Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: