Жұма, 22 қараша, 20:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Сыбайластық сыйлық алудан басталады

27.06.2021

818 0

Біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бірақ, бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ.

          Біз істі жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырған жағдайда адам жат қылықтардан бойын аулық ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.

          Жалпы, біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүзеге асырылып келеді. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты енгізілді. 2014 жылы тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Оның негізгі міндеті мемлекетттік қызмет саласындағы басшылықты, мемлекеттік қызмет көрсету санасын бақылау , сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

           Сыбайлас жамқорлық – мемлекетті ішінен ірітетін, барлық игі бастама мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін індет. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтартарының бірі де осы індетті ауыздықтар, жолын кесу. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану  арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Асқар Нұрғалиев,
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
бас маман сот отырысының хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: