Сенбі, 25 қазан, 23:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

«Сыйлық» үшін 1,5 млн теңге жоғалтты

25.10.2025

48 0

Фото: freepik.com

Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға алданып, 1,5 миллион теңгесінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, 7 қазан күні телефон алаяқтарына алданған қала тұрғыны шағымданған. Тергеу барысында алаяқтардың 49 жастағы жәбірленушіні “ұтыс ойынан ұялы телефон ұтып алдыңыз” деп сендірген. Алаяқтардың сөзіне сенген жәбірленуші екі рет өз атына онлайн несие рәсімдеп, алынған қаражатты алаяқтар көрсеткен шоттарға аударған.

Алаяқтар бұл ақшаның ұтыс комиссиясын және қатысушы жарнасын төлеу үшін қажет екенін айтып, қаржы сыйлықпен бірге қайтады деп уәде еткен. Нәтижесінде ер адам шамамен 1,5 миллион теңге қаржысынан айырылды.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласының 18 жастағы екі тұрғыны ұсталған. Жас жігіттер өздерінің кінәсін мойындады.

“Тергеу барысында алаяқтардың жәбірленушінің әлеуметтік желілерде белгілі блогердің смартфон ұтысына қатысып жатқанын білгені анықталды. Алаяқтар өздерін “байқау ұйымдастырушылары” ретінде таныстырып, жәбірленушімен байланысқа шыққан және ұтысты рәсімдеу деген сылтаумен онлайн шоттарға сілтемелер мен реквизиттерді жіберген. Алынған қаражатты күдіктілер өзара бөліп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған”, – делінген полиция хабарламасында. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: