Бейсенбі, 12 ақпан, 12:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

Сыр өңірінде қауіпсіздік-қоғам назарындағы мәселе

12.02.2026

52 0

     Қазіргі таңда қоғамдағы адам қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселесі ерекше маңызға ие. Бұл бағытта Қызылорда қала көлемінде сталкинг, киберсталкинг және кибербуллинг секілді қауіп төндіретін келеңсіз құбылыстарға қарсы алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Алайда аталған мәселелердің өзектілігі бәсеңдемей отырғаны да жасырын емес.

     Сталкинг – бұл адамды қасақана аңду, мазалау, қорқыту немесе оның жеке өміріне заңсыз араласу арқылы немесе оның жеке өміріне заңсыз араласу арқылы психолгиялық қысым көрсету әрекеті. Мұндай жағдайлар адамның еркін жүріп – тұруына, қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. ҚР ҚК-нің 115-1бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әсіресе, цифрлық технологиялар дамыған заманда киберсталкингтің кең таралуы қоғам үшін үлкен қауіпке айналып отыр. Интернет желісі арқылы жеке деректерді жариялаймын деп қорқыту, бопсалау фактілері сыр өңірінде де кездесіп келеді.

     Сонымен бірге, кибербуллинг мәселесі, әсіресе кәмелетке толмағандар арасында алаңдатарлық деңгейде. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қорлау, кемсіту, мазақ ету баланың психологиялық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның болашақ өміріне көлеңке түсіруі мүмкін. Сондықтан ата-аналар мен білім беру ұйымдарының бұл мәселеге сергек қарауы аса маңызды.

     Осы орайда Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлері тұрғындарға интернет кеңістігінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтау, күмәнді хабарламаларға жауап бермеу, сондай-ақ қауіп төнген жағдайда дереу полицияға немесе сенімді ересектерге жүгіну қажеттігін тұрақты түрде түсіндіріп келеді.

     Заң талаптары бәріне ортақ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабына сәйкес адам ұрлау қылмысы 4 жылдан 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Адамды ашық немесе жасырын түрде, алдау немесе күш қолдану арқылы алып кету ауыр қылмыс болып саналады.    

     Қоғамда әлі де болса қыз алып қашуды салт-дәстүрмен шатастыратын көзқарастар кездеседі. Алайда, заң тұрғысынан қалыңдықтың келісімінсіз алып қашу-қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет. Қызылорда қала көлемінде бұл бағытта түсіндіру және алдын алу жұмыстары күшейтіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған Жарлықтары мен Жолдауларында зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу, қоғамда заңға деген құрметті арттыру басты міндет ретінде айқындалған. Президент Жарлығында көрсетілген бұл талаптар Сыр өңірінде де нақты істермен жүзеге асуда.

     Қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Заңға құрмет пен бейжайлыққа жол бермеу арқылы ғана біз өңірде тұрақты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз.

                                              А.Ерболат,

  Қызылорда қалалық Полиция басқармасы

                                                Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің

                                                Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа

                                                қарсы күрес бөлімшесінің бастығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: