Дүйсенбі, 18 қараша, 05:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Тәрбие басы – тал бесік

23.01.2024

430 0

Бүгінгі бала ертеңгі еліміздің болашағы, күші, қуаты. Әрбір үйде ертеңгі еліміздің тізгінін қолына ұстар азаматтар тәрбиеленуде.

Адамзат баласы дүниеге шыр етіп, өмір табалдырығын аттап сәбиіміз келсе, өрісіміз кеңейіп ұрпағымыз жалғасты деп қуанамыз. Ұл-қызымыздың қылығын қызықтап, марқаямыз. Оның әр жеткен жеңісі мен бағындырған белесі үшін мақтанамыз. Балаларымыздың білімді азамат болуы үшін ақпараттық құралдардың барлық түрлерімен қамтамасыз етуге тырысамыз. Алайда, ұрпағымыздың біліміне баса назар аударып, тәртібі мен тәрбиесін ақсатып алып жатқан жайымыз тағы бар. Әр азамат өз ұл-қызын барынша мінсіз тәрбиелеуге тырысады.

Дегенмен қазіргі кезде  ата – аналар уақытының басым бөлігін қызмет барысында өткізуде. Ел боламын десең бесігіңді түзе дейді дана халқымыз. Буыны қатайып келе жатқан балаларымызға қоршаған ортаның әсері орасан зор. Қазіргі таңда қаламызда түрлі жағдайлар орын алуда. Ірі қылмыстарды айтпай ақ кішігірім құқық бұзушылықтармен ұсақ бұзақылықтардың өзі айналасын танып өсіп келе жатқан жастарға үлкен әсер етеді. Осы тұста өзіміз де қоғамдағы орын алып отырған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмауға үлгі бола білсек деймін.

Ата–аналарымыз ұсақ бұзақылықтардың алдын алмай, елемей, жасырып қалуларының соңы ірі қылмыстарға апарып соғатынын үнемі балаларының бойларына сіңіре білсе, келеңсіз жағдайлар орын алмаған болар еді. 

Азаматтарымыздың тұлға болып қалыптасуына әсер ететін үлкен мектеп – ата-ана, отбасы тәрбиесі болса, екінші бір мектеп – қайратын жанып, мықтылығын шыңдайтын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыратын әскердегі кезең. Осыған байланысты қаламызда Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қызылорда гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің барлық санаттағы әскери қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бекітілген 2022-2025 жылдарға арналған «Өмірді сақта» құқықбұзушылық профилактикасы ведомоствааралық бірыңғай жоспарының талаптарын орындау мақсатында және Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының үйлестіруімен 2024 жылғы қаңтар айында әскерлерде профилактикалық іс-шаралар, лекция, әңгімелесу түрлерінде түсіндіру жұмыстары өткізілуде. Алдағы уақытта да алдын алу шаралары кезең-кезеңімен жүргізіліп тұратын болады.

Бақтияр Дәуренқұлов,

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету

жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, майор

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: