Сәрсенбі, 22 қазан, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Тәрбие ме, зорлық па? Телефон үшін ұрған ата-анаға сот үкімі күтілуде

22.10.2025

126 0

Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысында сот жас баласына күш көрсеткен әкеге қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сарысу аудандық соты кәмелетке толмаған балаға қатысты ұрып-соғу фактісі бойынша Қ есімді азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың шілдесінде Жаңатас ауылында Қ өз үйінде ұлына түні бойы телефонмен ойнағаны және таңертең уақытында оянбағаны үшін ашуланып, оны “тәрбиелеу” мақсатында бетінен ұрған.

Прокурор соттан сотталушыға 100 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындауды сұрады. Қ өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Жәбірленушінің анасы күйеуін кешіретінін жеткізді.

«Кінәні мойындауды, шын жүректен өкінуді және жас баланың болуын жеңілдететін мән-жай ретінде танып, сотталушы Қ.-ға Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігінің 8 тармағы бойынша 100 сағаттық қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындайды», – делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: