Қызмет атқару барысында 3 күнде қала орталығының көшелерінде тәртіп бұзған 55 жүргізуші Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен анықталды.
Мысалы: 09 қаңтарда қала орталығының көшелерінің бірінде түнгі уақытта бірнеше тәртіп бұзушыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері анықтады.
«BMW 530І» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамасы рәсімделіп, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды (Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы).
Сонымен қатар, «Оpel Astra» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттамасы рәсімделіп, (көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады) жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!