Жұма, 26 қыркүйек, 18:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Тәртіптің төрт тағаны талданды

26.09.2025

53 0

Қатаң қағида барда қиғылыққа да, қисынсыз іске де жол берілмейді. Сол себепті, ережені ескеріп, тәртіпке бағыну – қауіпсіздік пен тыныштықтың кепілі екені белгілі. Осы бағытта ҚАЖ департаментінен келген мамандар №68 мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, негізгі мәселелер бойынша сөз қозғады.

Темір тұлпарды тізгіндегенде жол ережесін бұлжытпай сақтау – басты шарттардың бірі. Жиын барысында бұл тақырып назардан тыс қалмады. Автокөлікті басқару кезінде кемшіліктерге жол бермеу және құжаттың түгел болуы маңызды екені айтылды. Бұл туралы толығырақ ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс тобының бас маманы әділет майоры Әлішер Беркінбеков тарқатты.

Оқыс оқиға сақтыққа салғырт қарағаннан болады. Келесі түсіндірме қаруды кез келген жерге қалдырмау, оны дұрыс қолдану төңірегінде өрбіді. Жазатайым жайттың алдын алу үшін әр қызметкер өз ісіне жауапты болу керегі баса айтылды. Өзіндік қауіпсіздік тобы АМІЖ аға жедел уәкілі әділет подполковнигі Серік Жоламанов та қажетті ақпаратпен құлаққағыс етіп, заң мен тәртіп аясынан шығуға болмайтынын жеткізді.

Татулықтың табылмас бақыт екені даусыз. Отбасылық қарым-қатынас тақырыбына ойысқан мамандар сыйласып өмір сүрудің, шаңырақтың шырқын бұзбаудың мәніне тоқталып өтті. Қызметкерлердің тұрғын үйге қатысты сұрағына да жауап беріп, керекті мәліметтермен бөлісті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: