Жақында ЗК-169/5 мекемесінде қалалық жалпы білім беретін кешкі мектеп мұғалімдері сотталғандармен ашық сабақ өткізді. «Тәуелсіздік-ұлы белес» тақырыбында ұйымдастырылған шарада желтоқсан құрбандары жайлы естеліктер айтылып, алаш қайраткерлерінің ұлттық идеясы хақында жан-жақты мағлұмат берілді.
- Жазасын өтеушілер арасында мұндай игі шараларды өткізу олардың өмірлік көзқарасының жаңаша бағытқа қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан отансүйгіштік, ұлттық ұстанымдарды ұлықтау қасиеттері жаза басқандар үшін өте қажет дейді- тәрбие бөлімінің бастығы Байқадам Тәуекел.
Шара соңында сотталғандар жалпы білім беретін кешкі мектеп мұғалімдеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!