Дүйсенбі, 13 қазан, 11:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Таксиге рейд: полиция тексеріс жүргізуде

13.10.2025

130 0

Фото: Қарағанды облысы ПД/Видеодан скрин

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері қалааралық такси жүргізушілерінің заңсыз іс-әрекеттерін әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шара кезінде патрульдік полиция қызметкерлері бірнеше заңбұзушылықты тіркеді.

Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті бағытымен жүріп келе жатқан Toyota Estima көлігінің жүргізушісі жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, жолаушы тасымалдаумен айналысқан.

Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында тағы бір куәліктен айырылған Toyota Alphard жүргізушісі ұсталды.

Ал Mercedes Sprinter көлігінің иесі автокөліктегі отырғыштарды ұйықтайтын орындарға айналдырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлық жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, көліктер айып тұрағына қойылды.

Полиция департаментінің мәлімдемесі

Қарағанды облыстық полиция департаменті жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңсыз жолаушы тасымалына тосқауыл қою бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатынын хабарлады.

Мұндай рейдтердің басты мақсаты – жолаушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ көлік тәртібін сақтау мәдениетін қалыптастыру, – дейді полиция өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: