Сәрсенбі, 27 қараша, 19:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Тарифті реттеу шаралары таныстырылды

16.06.2023

547 0

Табиғи монополияларды реттеу департаменті 54 қызмет түрі бойынша 34 табиғи монополия субъектілерінің жұмысын реттейді. Бұған қоса, электр энергиясы және газбен жабдықтау саласындағы 4 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілеріне қатысты баға белгілеу функцияларын жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Егембергенов нақтылап берді.-Жыл басынан бері департаментке электр энергиясының шекті бағаларын төмендету, тарифті және тарифтік сметаларды бекіту бойынша 22 өтінім түсіп, тиісті жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, осы жылдың басында 8 субъектінің тарифі бекітілді. Газбен жабдықтау қызметінің қолданыстағы тарифі өзгеріссіз қалды. Яғни, 2022 жылдың 1 тамызындағы тариф 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 13 043,49 теңгені құрап отыр. Мұнан өзге, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың бағаларына келсек, 2022 жылдың деңгейімен салыстырғанда 0,1-0,3 пайызға дейін төмендетілді. Айта кетейін, департаментке түскен әрбір өтінім мұқият қаралып, талданады,-деді Айбек Асылханұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: