Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 06:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Татуласу келісімімен 39 іс аяқталды

24.07.2023

375 0

Биылғы жылдың І-жартыжылдығында облыс соттарының өндірісіне 10301 талап қою түскен. Басым бөлігі банк келісім-шарттары және нотариалдық іс-әрекеттерге байланысты арыздар мен шағымдар. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Мұхтар Еркінбеков мәлімдеді.

-Биыл соттар өндірісіне сот бұйрығын шығару тәртібімен қаралған арыздар саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,3 пайызға артты. Ал, ағымдағы жылдың 6 айында сот бұйрығы – 1006, жалпы аяқталған істің 13,1 пайызды құрады,-деді Мұхтар Жүсіпбекұлы.

Жалпы татуласу рәсімдері бойынша 1167 істі жүргізу тоқтатылған. Оның ішінде, татуласу келісімімен 39 іс аяқталды.

– Осы жылдың 6 айында соттар өндірісіне 521 қылмыстық іс түскен. Бүгінде 513 қылмыстық іс аяқталды. Бұған қоса, 6 адамға қатысты ақтау үкімі қабылданды. Ал қысқартылған істер 16 пайызға кеміді. Яғни 73 қылмыстық іс қысқартылды,-деді Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Қалымбет.

-Сот актілерінің күштері жойылған 29 іс бойынша жаңа шешім қабылданса, 16 іс бірінші саты соттарына қайта қарауға жолданды. Ал, 2 іс бойынша талап арыз қараусыз қалдырылды. 17 іс өндірісі тоқтатылды,-деді Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Оспанова.

@Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: