Жұма, 13 ақпан, 11:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

Телемост: таңдау таразысындағы тағылым

13.02.2026

53 0

Ақылға жүгінген адамның алға озатыны айтпасақ та түсінікті. Әсіресе, құбылған қоғамда құрдымға кетпей, жарқын болашақ құру маңызды. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі “Заң мен тәртіп” идеологиясын іске асыру аясында Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейіне барып, оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізді.

Текетірестен туындаған оқыс оқиғалар орға жығатыны рас. Сондықтан, жастардың теріс жолға түспей, қылмыс жасамағаны игі. Бұл туралы мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов толық тарқатып, мәні бар мысалдарды жіпке тізді.

Тағылымды кездесуде өмірге азық боларлық кеңестер айтылды. Мәселен, АКАӘПТЖББ-ның бөлім бастығы әділет капитаны Тулепбергенов Бақдәулет жасөспірім шақ – арман мен бағыт айқындалатын кезең екенін меңзеп, әрбір шешімнің ертеңге әсер ететінін түсіндірді. Ой жарыстырып, оқу-білімге ұмтылғанның ұтатыны көп екенін қаперге салды.

Сонымен қатар, жаза басқан жандардың өкінішін жеткізген бейнеүндеуі оқушыларға ерекше әсер еткені анық.

– Біздің мақсат – балаларды қорқыту емес, әр адамның болашағы өз қолында екенін жеткізу. Кейде бір ғана ойланбай жасалған әрекет адам тағдырын түбегейлі өзгертіп жатады. Біз көрсеткен бейнематериалдар – соның дәлелі. Жастар заңды біліп қана қоймай, оның мәнін түсінсе дейміз. Әрқайсысы өз болашағына жауапкершілікпен қарап, дұрыс таңдау жасаса – біз үшін ең үлкен нәтиже сол, – деді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры М.Ұзақұлы.

Иә, келтірілген әр мысал, айтылған салмақты сөзден оқушылар өмірлік сабақ алғаны сөзсіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: