Жуырда қалалық полиция бөліміне қала тұрғыны үйінде орын алған ұрлық жөнінде арызданған. Тексеру барысында белгісіз біреулер мал қорасының қоршалған темір бағаналарын, комбайынның темір рамасын, темір бөлшектерін ұрлап кеткені белгілі болды. Жәбірленушіге 500 мың теңге көлемінде залал келтірілген.
Жедел-іздестіру шараларының барысында осы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Берікбол ҚЫЗЫЛБАЙ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!