Жұма, 27 желтоқсан, 22:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Темірторда некеге тұрды

01.08.2023

609 0

          Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне  қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде бірнеше баппен жазасын өтеп жатқан азамат өзінің сүйіктісімен  некеге тұрды. Жиырма үш жастағы азамат ҚР ҚК 24 бабы, 3 тармағы , 99 баптың 1 тармағы бойынша қасақана адам өлтіру қылмысымен жазасын өтеп жатыр. Бүгінгі таңда өзінің сүйіктісімен некелесу арқылы ғана заңды өкілі ретінде кездесе алатынын баяндады, мекеме заңгері.

          – Өзімнің  сүйікті   жарыммен некеге тұрғаныма өкінбеймін. Бостандықта жүрген кезден некелесу біздің жоспарымызда болған. Алайда, өзімнің жасаған қателігімнің кесірінен темірторда отырмын. Алайда, мекеме заңгері Б.Абдразақтың ықпалымен неке куәлігін қолымызға алдық. Жұбайым екеуміз өте қуаныштымыз. Себебі, қандай жағдай болмасын мені жарты жолда тастамай, қателіктеріме көз жұма қарап, менімен некелесуге өз келісімін берді. Алдағы уақытта жұбайыммен бақытты өмір сүруге, сүйіктімді ренжітпеуге барынша күш саламын, -деді сотталған 23 жастағы азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: