Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №60 мекемесінің Жедел бөлім, теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының мамандары жоспарға сәйкес жүйелі жұмыс жүргізуде.
Қызылорда облысы бойынша Дін істері басқармасының әлеуметтік жобасы аясында, «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының қолдауымен түзеу мекемесіне арнайы имамдар, дінтанушы, теологтар келіп дәріс өтеді. «Қазақ даласына Исламның келуі» тақырыбында кезекті дәріс жүргізді.

Дінтанушы сотталғандарға Ислам дінінің келу мен даму тарихын, өрлеуін түсіндірді. Дәріс кезінде Ислам діні келгенге дейін қазақ даласын мекен еткен тайпалардың ұстанған діндері жайында айтты. Сонымен қатар қазақ даласына Ислам дінінің бейбіт жолмен келгендігін де айтып түсіндірді. Қазақ даласын мекендеген адамдардың ұстанған наным-сенімдері, тұрмыс-тіршілігі, түсініктері Ислам дініне ұқсас болғандықтан Оларға жаңа дінді қабылдау қиынға соқпағандығына тоқталды. Өз кезегінде сотталғандар ұстазға Осы тақырыпта сауалдарын қойды. Жауабында ұстаз дін жайында әрі қарай тарқата айтты.

Дәріс соңында сотталған азаматтар жеке қабылдауға жазылды. Дінтанушы ұстазға көкейлерінде жүрген сұрақтарын айтып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
«Дініміздегі жақсы қасиет пен мінез-құлық туралы анықтамалар, өмірді жақсы жаққа бұру, мейрімділік пен адамгершіліктің мән-мағынасы дәрістерде жиі айтылады. Тоелогиялық оңалту тобының жүйелі жұмысының арқасында жазасын өтеушілер елімізге белгілі ұстаз, имам, Республикалы ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінен тағылымдар алады. Олармен кездесулерге қатысып, дәріс алып, уағыздарын тыңдап, діни сауаттылықтары артады. Бұл олардың имандарын күшейтіп, рухани тыныштануға көмектеседі. Осы дәрістер арқылы жүректерінде бір үміт пайда болып, мейрімділікке, адамдарға деген жанашырлыққа ұласады. Әрбір сотталған азаматтың оңалуына барынша ықпал етеміз»,- дейді Теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға жедел уәкілі М.Жәмиев.
Төлеп Рәпіш
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!