Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты #68 мекемесінде ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Зиябеков Жәнібек Мелдебекұлының қатысуымен мекемеде 9 айда атқарылған қызметтер жөнінде мәжіліс өтті.
Өткізілген шараның күн тәртібінде 2 сұрақ қаралды. Атап айтқанда, #68 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры А. Әмірбек 2024 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысын қорытындылау бойынша баяндама оқыса, ҚАЖ департаментінің тәрбие және кадр жұмысы тобының бас маманы әділет майоры А. Беркінбеков мекеменің жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылық туралы ҚАЖ комитетінен келіп түскен бұйрықтар мен нұсқаулықтарды таныстырды.
Аппараттық мәжілісте мекеменің бір қатар кемшіліктер мен толықтырулар жайында мекеме басшылығы мен бөлім басшыларына ескертулер жасап, алдағы уақытта ретке келтіріп, қатаң бақылауға алынсын деп бұйырды департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Ж. Зиябеков.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!