Сенбі, 21 желтоқсан, 21:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторында мешіт имамдарымен кездесу өткізіледі

31.03.2022

636 0

ЗК-169/1 тергеу изоляторында діни экстремизм баптары бойынша сотталғандар да бар. Олар өздерінің теріс сенімін насихаттап, басқаларды да адастыруы мүмкін екенін естен шығаруға болмайды. Осындай қауіпті әрекеттердің алдын алып әрі имандылық жолындағы сотталғандарға діннің негіздерін үйрету мақсатында мекеме инспекторы  теолог, әділет лейтенанты Темірбек Сәулеттің  айтуынша мекемеге мешіт имамдары жиі келіп, уағыз-насихат айтып, дәрістер өткізеді.

Әсіресе имамдар әр сәрсенбі күні тұрақты түрде хадис, дін мен салт-дәстүрдің байланысы жайында жоспарлы сабақтар өткізеді. Осы орайда, мекемеге қаладағы Құдыс ишан мешітінің бас имамы Бисен Мұстафа Қуанұлы келді. 

Дін өкілі  бұл жолы ҚР ҚК-нің 256 бабының 2-бөлігі бойынша бас бостандығынан айрылған сотталғанды жеке қабылдады. Қабылдау барысында сотталғанға Ханафи мәзһабындағы фиқһ негіздерін түсіндірді.  Жеке қабылдауда Бисен Мұстафа Әбу Ханифа мәзһабы мен шариғат қағидаларын  ұстанудың маңызын кеңінен баяндап берді. Сонымен қатар салт пен дәстүрге, қоғамда қалыптасқан құндылықтарға құрметпен қарауға үндеді.

Менің осы мекемеге келгелі діни көзқарасым өзгерді. Өйткені теологтар  мешіт имамдарымен жиі кез  ұйымдастырып отырады.  Олар діни дәрістерін оқып, хадис, дін мен салт-дәстүрдің байланысы жайында жоспарлы сабақтар өтеді. Сондай-ақ Алланың алдында кешірілмейтін күнә жоқ екенін және де қателесіп, шалыс қадам жасап, темір торға қамалғанымен, ертең-ақ қоғамға, еліне пайдасы тиетін, өзгелерге үлгі болатын тұлғаға айналуға мүмкіндіктердің зор екенін ұғындырады. Бұл мені ынталандырып, бостандыққа шығуға деген  үмітімді арттырады – дейді қабылдауға келген Ж есімді сотталған .

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: