Жұма, 27 желтоқсан, 06:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторында сәлем-сауқатты қалай қабылдайды?

20.01.2022

852 0

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесіне келушілер саны көп. Себебі мекемеде қамауда жатқан азаматтарға туыстары тарапынан сәлем-сауқат қабылданады. Адамдардың көбі дүйсенбі-жұма күндері келеді. Сенбі, жексенбі болса, түскі мезгілге дейін қабылданады.

Мекеменің кіре беріс бөлігінде алғашқы бақылау пункті орналасқан. Онда келушілердің сәлем-сауқатын қабылдау кестесі, қабылдау тәртібі орналасқан. Кестеге сәйкес сағат 8.30-12.00 және 15.00-18.45 сәлемдеме қабылданады.

«Күнде елуге жуық сәлем-сауқат қабылданады. Біз алдымен елдегі жағдайға байланысты тұрғындардан карантин тәртібін сақтауын өтінеміз. Одан соң жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс. Сонымен бірге өткізу бекетінде қол жүгі тексеріледі. Рентген-сканер құрылғысы арқылы әр зат мұқият бақыланады. Тыйым салынған заттардың ішке өтіп кетуіне жол берілмейді. Бұл қадағалаулардан кейін, азаматтардың өздері де тексерістен өтіп, ішкі ғимаратқа кіруге рұқсат алады», – дейді режим және күзет бөлімі тексеру тобының жедел уәкілі Ерлан Ибраев.

РжКБ-нің аға бақылаушысы Мақсат Жұмабековтың айтуынша, сәлем-сауқатты қараудың да өз тәртібі бар.

«Тізім бойынша қабылданып, нан мен шұжық бірнеше жерден кесіліп, жеміс-жидектер ортасынан бөлініп, қораптағы шай ыдысқа аударылып, тәттілердің сыртқы қорапшалары ашылып қатаң тексеруден өтеді. Жалпы, тергеу изоляторындағы айыпталушылар, тергеудегілер мен қамаудағы сотталушылар асханадан үш мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Әйтсе де, туыстары тарапынан келетін сәлемдемелер толастар емес», – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: