Жұма, 22 қараша, 07:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторында теріс ағымдағы сотталғандарды көркем шығармалар арқылы тәрбиелеп жүр

23.08.2022

809 0

Ересек адам, оның ішінде қылмыскерлерді тәрбиелеу – күрделі жұмыс. Сондықтанда, ЗК- 169/1 тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандарды тәрбиелеуде мекеменің АКАӘПТБЖ-ның қызметкерлері жан – жақты, әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Соның бірі ретінде соңғы күндері теріс ағымдағы сотталғандарды көркем шығармалар арқылы тәрбиелеп жүр.
-Бүгінгі сабақта М.Жұмабаевтің « Сағындым» өлеңін жатқа оқыдым. Маған қатты ұнады. Түрмеде отырып, ішкі мұңын, сағынышын білдірген.Дәл ақын жазғандай сезімдерді мен де басымнан өткердім. Анамды, жарымды,туған жерімді сағынып жүрмін. Бұл жерде уақыт өтпейді.Сондықтан камераға әдеби кітаптар алдыртып оқимын. Оқыған кітаптарымнан рухани нәр аламын. Сондықтан ба,өмірге деген көзқарасымда өзгеріп келеді- дейді,Сесімді сотталған.

  • Менің туған жерім Түркістан қаласы. Мағжанның Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі екен.Өлеңді оқи отырып,туған жерімнің тарихы туралы біраз нәрсе танып,білдім. Мектепте оқып жүргенде білімге аса көңіл бөлмегеніме өкінемін. Бәлкім мұнда түспес пе едім….- дегенді күрсіне айтты келесі бір жазасын өтеуші.
  • Әдебиет – көркем ойлаудың көрсеткіші. Әсіресе, поэзияның адам сезіміне әсері ерекше. Осы орайда, мекеме қамауындағы арнайы контигентке М.Жұмабавтың шығармаларын оқыту арқылы тәрбие жұмысы жүргізілді.

Сотталғандардың өз сұраныстары бойынша өткізілген бұл сабақта ақынның өмір жолы таныстырылып, өлеңдері оқылды.

Ақынның көңіл- күй, табиғат лирикасы олардың санасында ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, ізгілік бесігіне бөлейтін рухани адамгершілік тәрбиесін берсе, туған жерге, тілге арналған өлеңдері мен поэмалары олардың бойында ұлтжандылық сезімдерін оятып, патриоттық тәрбие берді деп ойлаймын – дейді, мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: