Жұма, 22 қараша, 13:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторының жертөлесінде «ыстық тұман» дезинсекциялық жұмысы жүргізілді

11.07.2022

575 0

ЗК- 169/1 тергеу изоляторында жаз айының келуіне байланысты, шыбын-шіркей мен масаның көбейіп кетпеуінің алдын алу мақсатында санитарлық жұмыстар жүргізілді.

Ол үшін жыл басында қаладағы ЖК «Маханбет дезинфекция мекемесімен ғимаратқа дезинсекция дезинфекция, дератизация жұмыстарын жүргізу қызметімен келісім шартқа отырған болатын.

Сол жасалынған шарттың негізінде 3- тоқсан шеңберінде жоғарыда аталынған санитарлық орталықтың мамандары кезекті жұмысын жүргізіп кетті.

  • Бұл жолғы жұмысымызды біз, дернәсілдер көп шоғырланатын дымқылды жер, мекеменің арнайы контигенттер ұсталынатын ғимаратының жертөлесі мен бос тұрған қоймасында өткіздік.

Адамдар жүріп тұрмайтын жертөле мен қоймада қансорғыштарды жою үшін термогенераторлы « ыстық тұман » қолдандық.

Жұмыс барысында ҚР әдістемелік нұсқауларында бекітілген және рұқсат етілген арнайы химиялық препараттар пайдаланылды.

Шыбын- шіркейді улау барлық сақтық шараларын сақтай отырылып, жүргізілді.

Яғни, өткізілген дезинсекциялық жұмыстың қамаудағылар мен мекеме қызметкерлерінің денсаулығына еш зияны болмайды – деді, дезинструктор Даниярова Қаракөз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: