Жұма, 27 желтоқсан, 06:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тергеу мекемесінде экскурция жүргізілді

10.11.2023

912 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық пен күресу мақсатында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің және қалалық басқарманың инспекторлық құрамы қызметкерлері мен Қызылорда облысы бойынша шекара қызметі департаментінің қызметкерлері тергеу мекемесіне экскурцияға келді.

          №68 тергеу мекемесінің Режим және Күзет бөлімінің бастығы әділет майоры Асылбек Төребеков көш бастап, мекеменің тыныс тіршілігі мен аумағын толық көрсетіп шықты. Ең алдымен, мекеменің кіре берісі, көріп бақылау бекетінен бастады. Мұнда, келушілердің сәлем-саухатқа әкелінген азық-түлігін тексеріп, келіп-кетуші заңды өкілдер мен мекеме қызметкерлерін толық тінтіп, тексереді. Сонымен қатар, экскурцияға келген атаулы мекеме қызметкерлеріне шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтардың жатын орны және асханасы мен таныстырды.  Шарауашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар күнделікті әскер тәртібі секілді таңын атырып, өздеріне міндеттелген қызметтерін атқарып, күнін батырады. Сотталған азаматтарға қарағанда шаруашылық қызметіне қалдырылған азаматтардың өмірі жеңіл. Себебі, мұнда жұмыс жасап айлық табыс табады. Алайда, қандай да бір ескерту алған жағдайда мекеме тарапынан тәртіптік жаза қолданылатынын жеткізді. Келесі кезекте, мекеменің ауыр қылмыс жасаған соталған азаматтар ұсталатын, 1 ғимаратын көрсетті. Мұнда, көбіне әйел кісілер мен кәмелет жасына толмаған сотталған азаматтар мен карантинге қалдырылғандар жататындығын айтты. Сондай-ақ, мекеменің күн тәртібіне сәйкес   төрт сағаттық серуенге шығарылатынын жеткізді. Тәртіптік жазаға көнбеген сотталған мен айыпталушы азаматтар болған жағдайда, тәртіптік изоляторға үш күннен он бес күнге дейін қамалатынын экскурцияға келген қызметкерлерге айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: