19-қазан әлем бойынша «Болашаққа хат» жазу күні болып саналады. Сан ғасырлар бұрын ата-бабамыз тасқа қашап немесе қағазға хат жазу арқылы бір-бірімен байланысқан. Қазіргі таңда заман ағымына сай дамыған технологияның барында адамдар ұялы байланыс құралы арқылы бір-бірімен сөйлесіп, тіптен хат жазып, аудио дыбыстық хабарлама қалдыра алады.
Қазіргі сәтте, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар ой сергіту мақсатында «Болашаққа хат» жазды. Бұл шараны мекеменің психолог маманы Омарбек Сүлеймен мен мемлекеттік тілде аудармашы маман бірлесе ұйымдастырып, сотталған азаматтардың болашаққа деген айқын жоспарларын білді. Шаруашылық қызметіне қалдырылған азаматтар хат жазу арқылы өздерінің бостандықтан кейінгі өмірлерін жазып, арман мақсаттары мен бөлісіп, болашаққа нық қадам жасауға дайын екенін жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!