Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тергеу мекемесінде тағы бір адам босап шықты

13.11.2023

453 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азамат босап шықты.

ҚР ҚК 188 бабы 1 бөлігі 3 тармағы бойынша бас бостандығынан айрылған «Е» есімді азамат жазасын №68 тергеу мекемесінде өтеген. Жазасын өтеу барысында мекеменің шаруашылық қызметіне қалдырылған. Мұнда мекемеге қатысты шаруашылық қызметке қалдырылған азаматтарға арналған  барлық қызметтерді атқарған. Жұмыс жасау арқылы ай сайын айлық жалақы төленіп, жылдық демалысын уақытылы алып отырған. Сонымен қатар, мекемеде болған барлық іс-шараларға яғни, спорттық сайыстарға, ақын,жыршылардың шығармашылық шараларына белсенді қатысып жүлделер алып отырған.

  • 13 қараша күні босатылып жатқан «Е» есімді азаматты ең алдымен айтулы күнімен құттықтаймын. Алдағы уақытта қайта жаза баспауына сеніміміз мол. Кез-келген іс-шаралардың белсендісі бола білді. Жазасын өтеу барысынды сын пікірлер айтылмады, сонымен қатар, артық мінез-құлқы жоқ. Қазіргі таңда, мекеме аумағынан босатылып жатқан азаматты жақындары қарсы алды, деп мәлімдеме жасады АКАӘПТЖБ бөлімінің жасақ бастығы әділет лейтенанты Рамазан Әлмахан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: