Жексенбі, 15 қыркүйек, 15:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73-2083
14.09.2024
PDF мұрағаты

Тергеу мекемесінде тінту жұмыстары жүйелі жүргізілуде

14.09.2024

234 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде режим және күзет бөлімінің ұйымдастыруымен мекеменің режимдік аумағына яғни, камераларға тінту жұмыстары жүргізілді. 
Жалпы жыл басынан бері мекемеде 690 рет тінту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жоспарлы түрде – 646 рет, жоспардан тыс – 41 рет,  жаппай тінту жұмыстары – 3 рет өткізілді. 
Тиым салынған заттар, бұйымдар, құжаттар т.б секілді заттарды тәркілеу мақсатында, 2014 жылғы 5 шілдедегі «ҚР Қылмыстық-атқару кодексі» № 234-V 17-тарау 98-бабы, ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы «ҚАЖ тергеу изоляторының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» №505 бұйрығының 9-тарауы, ҚР ІІМ-нің 20-ақпанындағы 2017 жылғы «ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жіті тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын бекіту туралы» заңы бойынша тінту жұмыстарын атқарады. 
Камераларды тінтіп-тексеру барысында, артық матрас, жамылғы, жастық тыс секілді заттар табылды. Тиым салынған заттардың алдын-алу мақсатында 1-ші бақылау өткізу бекетінде арнайы рентген құрылғылары мен мекеме қызметкерлері үздіксіз жұмыстар атқарады.  Рентген аппараты арқылы өткізілген әрбір келушер мен сәлем-сауқат арасынан тиым салынған зат табылған жағдайда дереу басшылық құрам мен жедел бөлім қызметкерлеріне хабар беріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: