Конституция күні арнайы мекемелердің барлығы дерлік бұл мерекені атап өтеді. Соның ішінде, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесі де бұл шараны атап өтті.
Ең алдымен, Кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Мирамбек Тұрымбетов саптық тексеріс жүргізіп, барлық жеке құрам қызметкерлерінің қызметтік куәлігін тексеріп, саптық жүрісте жүргізді.
Сонымен қатар, мекеме бастығы әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлының қатысуымен жеке құрам қызметкерлері арасында ҚР мемлекеттік туы арнайы шақыртылып, әнұран орындалды. Жиын соңында мекеме бастығы жеке құрам қызметкерлерін келіп жеткен мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі. Қызметте антына адал болып, ерең еңбектерімен көзге түскен бес қызметкерді арнайы алғыс хаттармен құттықтады.
Ата Заңымыз Конституция күнімен барлық ұжымдастарымды шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі өткен шарада мекеме басшысының қолынан арнайы мақтау грамотасын алу мен үшін бір бақыт. Алдағы уақытта да дәл қазіргідей қызметімде адал, ұжымдастарыммен сыйлы боламын,- деді РжКБ-нің ВӨК инспекторы Бексейіт Бекарыс Бексұлтанұлы.
Мерекелік шараның жалғасы ретінде жеке құрам қызметкеріне Конституция күніне байланысты хроникалық бейнеролик көрсетіліп, сонымен қатар, марапаттың жалғасы ҚАЖ департаментінде, департамент бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шәймерден Тәжіқұлұлының қатысуымен жалғасты.
Сурет авторы : Мөлдір Жолдасбекқызы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!