Сәрсенбі, 29 қазан, 13:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Терроризм – татулықты күйретуге бағытталған жаһандық мәселе

29.10.2025

48 0

Терроризм – татулық пен бейбітшілікті күйретуге ықпал ететін бірден-бір жаһандық мәселе. Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм адамзатқа төнетін шынайы қауіпке айналды. Осыған орай Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуы тиіс»,- деген болатын.

Бүгінде жастарымыздың жат ағымдар жетегінде кетуінің алдын алу үшін олармен түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Яғни, Қызылорда облысы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары қаладағы білім ошақтарында болып, мектеп оқушыларымен кездесті.

Терроризм – татулықты күйретуге бағытталған жаһандық мәселе
Терроризм – татулықты күйретуге бағытталған жаһандық мәселе

 Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияда, №3 мектеп-лицейде, И.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейде, М.Сужиков атындағы №6 орта мектепте, №7 мектеп-лицйінде, Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназияда, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінде, М.Дүйсенов атындағы №15, мектеп-лицейінде, Ж.Қизатов атындағы №23  мектеп-лицейінде теологтар заманға сай білім алудың маңызын айтып, ата-ананы құрметтеу әрбір ұрпақтың борышы екенін түсіндірді. Әсіресе ұлттық құндылықтарды ұлықтай отырып, қоғам үшін қауіпті боп саналатын діни экстремизмнен сақтануға шақырды.

Балауса Сыздықова,

Қызылорда облысы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының журналист маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: