Жұма, 27 желтоқсан, 00:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Терроризмге қарсы күрес комиссиясының отырысы өтті

29.11.2024

28 0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссиясының отырысы өтті.
Облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ермахан Абдраманов террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғанысын қамтамасыз ету туралы баяндады.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін адрестік жұмыстарға қатыстырудың маңыздылығын және т.б мәселелер туралы айтты.
Сонымен қатар, діни экстремизм және терроризм профилактикасының тиімділігін арттыруда жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар туралы Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов және Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков баяндады.
Облыс әкімі жиында көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Облыстық полиция департаментіне, дін істері басқармасына, Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне осал объектілерді нығайту, экстремизм мен терроризм профилактикасы шараларының тиімділігін арттыру және әлеуметтік жобалардың қаржысын игеруді жүктеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: