Бейсенбі, 23 қазан, 12:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Терроризмге қарсы күрес штабы маңызды мәлімдеме жасады

23.10.2025

43 0

Фото: Ақорда

Астанада жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр. Бұл туралы елорданың терроризмге қарсы күрес штабы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хабарламада оқу-жаттығу таңғы сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін «Барыс Арена» мұз айдынында өтетіні айтылған.

Көпфункционалды «Барыс Арена» мұз айдынында (Тұран даңғылы, 57) жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді. Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау органдары мен арнайы күштердің лаңкестік оқиғаларға шұғыл ден қою тапсырмаларын орындауға дайындығын тексеру, – деп хабарлады штаб.

Осыған байланысты жаттығу өтіп жатқан аумақта жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті мемлекеттік қызметкерлердің нұсқауын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратпауға шақырамыз, – деп атап өтті Астананың терроризмге қарсы күрес штаб.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: