Астанада кінәлі тұлғалар TikTok әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот үкімі бойынша, 2 қала тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар TikTok әлеуметтік желісінде жалпы сомасы 34 миллион теңгеден астам табыс тауып «Зарик» атты құмар ойын өткізді.
Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді. Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады, – делінген хабарламада.
Үкім заңжы күшіне енді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!