ТЖМ-нің 2022жылғы 21-ақпанындағы №55 бұйрығымен бекітілген ¬«Өрт қауіпсіздігі» қағидаларының талаптарын орындау мақсатында Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің № 60 мекемесінде өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесіне қарасты №6 Өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп, мекеменің өрт қауіпсіздік шараларын алдын алу жұмыстары жүргізілді.
- Бірлескен жұмыс барысында өрт гидранттары және су қоймаларына тексеру жұмыстары жасалып, төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторы Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін өрт қауіпін болдырмау бойынша алдын-алу шараларына тоқталып, өрт сөндірудің бастапқы кезеңінде жасалатын іс-әрекет туралы айтып, техникалық құралдарын қолдану әдісін көрсетті. Алдағы уақытта көрсетілген техникаларды тоқсан сайын қайталау жұмыстары жүргізіледі,- дейді ҚАЖД №60 мекемесі режим бөлімінің жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Балтабаев Мұхтар.
Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!