Жұма, 31 қаңтар, 06:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Түнгі қаладағы балалар: Профилактикалық шаралар өтуде

31.01.2025

54 0

Фото: Полиция бөлімшесі

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қайтсе азаяды? Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.

Сол себепті қазір жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Әсіресе, тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар көптеп орын алатыны белгілі. Осы қылмыстың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысында қаңтар айының 30-ы мен 2 ақпан аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілмек.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жүрген, алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау, оларда қару және шанышпалы-кесетін заттарды алып жүру фактілерін анықтауға басты назар аудара отырып, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жолын кесу, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерделей отырып, заңды өкілдермен әңгімелесу жүргізу,қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру болып табылады.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы

жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды

полиция бөлімшесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: