Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды.
Түркістан облысының прокуратурасының мәліметінше «Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.
Ақпарат көзі: zakon.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!