Бейсенбі, 28 қараша, 20:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Түрлі жағдайға дайын болуымыз керек»: Ақтөбеде жаңа әскери бөлім құрылып жатыр

14.02.2023

481 0

Сурет: sputnik.kz

Ақтөбеде Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылып жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов жазды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Бүгінде адами факторлармен қатар, техногендік сипаттағы оқиғаларға байланысты қауіпсіздік мәселесі мен төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет ету алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазір елімізде су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге жаз мезгілі де жақындап келеді, яғни өрт қаупі де арта түседі. Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкіністері мыңдаған адамның өмірін қиып, көпшілігі зардап шегіп, баспанасыз қалды. Бұл жағдай әр қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды. Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын, ал Түркия және Сирия халқына осынау қиын-қыстау кезеңде ауызбіршілік пен сабыр тілеймін. Сонымен қатар осындай қиын сәтте бауырлас түрік халқына қол ұшын созып, аса қауіпті жағдайда жұмыс істеп жүрген қазақстандық құтқарушыларға ризашылығымды білдіргім келеді», – деп жазды Премьер-министр Facebook-тегі парақшасында.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, бұл оқиғалардың бәрі біздің әртүрлі жағдайға дайын болуымыз үшін жедел әрекет ету күштерін ұлғайтып, оларды тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету ісіне аса көңіл бөлуімізді қажет етіп отыр.

Осыған байланысты ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылып жатыр. Ол Ақтөбеде орналасады. Жаңа бөлімнің штаты – 880 адам.

«Республика бойынша ТЖМ-нің Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында үш әскери бөлімі бар. Батыс аймақта көлемді құтқару құрылымдары жоқ. Бұдан басқа, ТЖМ қызметтерінің штат саны, атап айтқанда, өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, Апаттар медицинасы орталығы 94 адамға, «Қазселденқорғау» мекемесі 39 адамға көбейіп жатыр. Жалпы ТЖМ қатары 1 613 адаммен толықты. Үкімет осы бағыттағы жұмысын жалғастырады. Біз жедел қызметтерді материалдық-техникалық жарақтандыру, құтқарушылардың еңбекақысын көтеру жөнінде шараларды одан әрі де қабылдаймыз. Әлемдегі тосын оқиғалар адамдардың қауіпсіздігі бәрінен де жоғары екенін көрсетіп отыр», – делінген Үкімет басшысының жазбасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: