2022 жылы кеші сағат 17.10-да Қылмыстық атқару саласына қарасты №68 республикалық мемлекеттік мекемесінде, яғни тергеу изоляторында сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тағы да тыйым салынған затты тауып тәркіледі.
Анықталғандай мекеме қамауындағы сотталғанға тамақ алып келген азамат «Samsung» маркалы ұялы телефонын политэтилен пакетіне орап, палау тағамы ішіне жасырып, өткізбекші болған.
Алайда, жазаға тартылған досын жарылқамақшы ниеттегі азаматтың тағамдарға жасырған «тосын сыйын» сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер әділет старшинасы Балғазы Қасымбеков пен аға бақылаушы старшина Мақпал Келесова бірден аңғарып, тәркілеп, ішке өткізпеудің алдын ала шарасын жасады.
Қамаудағы азамат ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен, яғни тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық бойынша сотталған.
Ал, досына телефон әкелген Қызылорда қаласының 1997 жылғы тұрғынының үстінен аталған факті бойынша хаттама толтырылып, ҚРӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес, іс-құжаттары процесуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!